АҚШ президенті мен Үндістан премьер-министрінің алғашқы кездесуі дүйсенбі күні Ақ үйде болып өтті. Екі ел басшысы АҚШ пен Үндістан арасындағы бірлескен террорлыққа қарсы күресті күшейтетін болып келісті. Келісімді жүзеге асыру үшін Ауғанстан жағдайын ретке салып, Оңтүстік Азияда туылып отырған сауда дауын ретке салу туралы кеңескендерін мәлім етті. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.
Трамп баспасөз мәжілісінде: «Біз АҚШ-Үндістан арасындағы табиғи газ келісімінде мәмілеге келіп отырмыз, бірақ Үндістан басшысы қалжыңдап, бұл келісімге қол қойған жоқ. Себебі, ол бағасын тағы да көтере түскісі келеді», – деді. Трамп сөзінен белгілі болған тағы бір жағдай, Үндістанның АҚШ-қа бағыттаған экспортында сауда кедергілердің жойылуы туралы да ұзақ талқы болған. Бұны Трамп екі ел арасындағы әділ және өзара тиімді саудаға жол ашу негізінде жаңа келісім жасастық деп қана айтты.
Үндістан премьер-министрі Нарендрия Моди, отбасымен АҚШ-қа сапарлай барып, алғаш рет Трамп үкіметімен жоғары дәрежелі мемлекеттік сапарда кездесіп отыр. Ол өз сөзінде Үндістанның қазіргі экономикасы және АҚШ-пен болған қарым-қатынасына, Трамптың жүргізіп отырған саясатына тоқтала келіп, бұл қадамдардың Үндістанның экономикасын арттырумен қатар, Америка Құрама Штаттарын тіпті де құдіреттендіре түседі деген бағасын да берді.
Кездесуден белгілі болғандай Трамп Азиядағы ірі ядролық қаруға ие елдерді Солтүстік Корея мәселесін ортақ шешуге араластыру үшін қам қылуда. Үндістан басшысымен кездесу кезінде де Солтүстік Корея мәселесін сөз етіп, Үндістан тарапынан нақты қолдаулар бар жоғын аңдап көрді. Алайда Моди Солтүстік Корея ісі туралы АҚШ-ты қолдайтыны туралы сыңай танытып, уәде бермеді.