Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Таңертең республиканың солтүстік-батысының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Ақмола, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады. Қостанай облысының таңертең кей жерлеріндетұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Күндіз Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.