Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ ) директорлар кеңесі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғары деңгейдегі сыйақы мөлшерлемесін бекітті. Сонымен шетел валютасындағы депозиттердің мөлшерлемелесінің деңгейі 1,5%-ға дейін төмендетілді, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
"Жаңадан тіркелген жеке тұлғалардың теңге бағамындағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшері бұрыңғы деңгейде, яғни 14 пайыз көлемінде сақталады. Сондай-ақ, ҚДКБҚ Директорлар кеңесі 2017 жылдың 1шілдесінен бастап шетел валютасындағы депозиттердің ұсынылған ең жоғары деңгейдегі мөлшрлемесін 1,5% дейін төмендету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Қордың мәліметінше, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚДКБҚ ұсынған ең жоғары деңгейдегі мөлшерлемесі шартты емес нәтижелі мөлшерлемелерге қатысты. ҚДКБҚ банктік салымдарды, ағымдағы шоттағы қалдық ақшаға және төлем карталарына сыйақы мөлшерінің көлеміне қарамастан кепілдік беретіндігін банк салымшыларының назарын аудартады.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (КДКБҚ) – екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін 1999 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ұйымы.
ҚДКБҚ жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің барлық депозит түрлеріне кепілдік болады, кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы:
- валютадағы салымдары және банк шоттары бойынша – 10 миллион теңгеге дейін;
- шетел валютасындағы салымдар және банк шоттары бойынша – 5 миллион теңгеге дейін.
Айта кетейік, осы жылдың басында ҚДКБҚ жеке тұлғалар депозитінің тиімді сыйақы мөлшерлемесін 14% етіп бекіткеннен кейін екінші деңгейлі банктер теңгеде сақталатын депозиттердің сыйақы мөлшерлемесін төмендеткен. Себебі теңге бұл уақытта нығая бастаған еді. Нарықта орта есеппен теңге депозитінің мөлшерлемесі 2-2,9%-ға түсті.