ҚР Ұлттық Банкінің зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметі барынша ашық болып отыр, деп хабарлайды ретеушінің баспасөз қызметі.
«БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметтің айқындылығын арттыру шеңберінде ҚР Ұлттық Банкі жарияланатын есептің форматын барынша ашық және жан-жақты болуына қарай қайта қарады. Инвестициялық басқару жөніндегі ай сайынғы есептің зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелердің күні мен өлшемдері туралы мәліметтер бөлігіне толықтырулар енгізілді», – деп хабарлады Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова.
Оның сөзінше, инвестициялар бойынша нақты жағдайларды көрсете отырып қаржы құралдарын сатып алуды, сату мен өтеуді қоса алғанда, зейнетақы активтерімен мәмілелер бойынша жан-жақты ақпарат қосылған.
Сонымен салымшылар БЖЗҚ портфелінің құрылымымен және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша ақпаратпен БЖЗҚ сайтында танысуға болады, олар ай сайын жарияланады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?