АҚШ әуе күштері Сүрия режиміне тиесілі ұшақты атып құлатқаннан кейін, Ресей жағы АҚШ-пен жасасқан әуе қауіпсіздік келісімін уақытша тоқтатты. Сонымен бірге, Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Франция сыртқы істер министрімен кездесу кезінде өткізілген баспасөз жиынында Уашингтоннан мәлімдеме жасауды күтетіндігін жеткізді. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігі «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуге сапарлай келген Франция сыртқы істер министрімен бірлесе баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында Лавров Сүрия үкіметіне тиесілі соғыс ұшағының атып құлатылуына байланысты АҚШ жағынан мәлімдеме талап ететінін айтты. Сонымен бірге бұл мәселелер өзінің арнаулы күн тәртібіне қойылғанын айтып өтті.
Сергей Лавров сөзінде: «Сүриядағы барлық тарап күштері террорларға қарсы тұруға жұмылдыруы тиіс. Әр тарап өз жауапкершілігін тануы қажет. АҚШ Әуе күштерінің Сүрия ұшағын құлатуына байланысты мәлімдеме күтеміз», – деп атап өтті. Екі ел арасындағы әуе қауіпсіздік келісімінің уақытша тоқтатылуы Ресей жақтың алдағы уақытта АҚШ-қа ұқсас әрекетке дайындалып отырғанын түсіндіреді.