Кеше мұнай бағасы 45 доллардан төмен түсті. Енді ОПЕК пен оған мүше емес елдердің "мұнай көлемін қысқарту арқылы бағаны тұрақтандырамыз" деген мақсаты орындалмайтын сияқты. Wall Street Jornal-дың мәліметінше, мұнай бағасының арзандауының басты 5 себебі бар.
1. Ливия және Нигерия
Ливия ОПЕК құрамына кіргенмен, өндірісті квоталаудан босатылғаннан кейін шикізат көлемін көбейтіп жіберді. Бұл елде азаматтық соғыс жалғасып жатқанмен, мұнай өндірісі 885 мың баррельге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге көп. Сондай-ақ, Нигерия да квота жүйесінен босатылған соң мұнай көлемін арттырып отыр. ОПЕК мәліметіне сенсек, Нигерияда шикізат өндірісі бір күнде 1,68 млн баррельге дейін жеткен.
2. ОПЕК келісімі
Мұнай бағасы ОПЕК пен оған мүше елдер арасындағы "шикізат өндірісінің көлемін тәулігіне 1,8 млн баррельге дейін төмендету туралыі келісімге қарамастын арзандап жытыр. Сондай-ақ, келісім деңгейі жоғары деңгейде бақыланып отырғанмен, ОПЕК бұл шешім өздері күткендей жылдам нәтиже беріп отырмағанын мойындап отыр. Ал Morgan Stanley сарапшылары ОПЕК тағы басқа шаралар қабылдамаса, келесі жылы да мұнай ұсынысының артық болуынан өсім жоғары болатынын айтады.
3. Сақтау орындарындағы мұнай қорының мол болуы
ОПЕК сақтау орындарындағы мұнайдың мол қорын азайтуға тырысқан. Алайда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің мұнай қоры сәуір айында 18,6 млн баррельге дейін көбейген және бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда жоғары. Сарапшылар "қор осы жылдың екінші тоқсанында өндірістің төмендеуіне және сұраныстың көбеюіне байланысты азаюы мүмкін" дейді.
4. АҚШ-тағы өндірістің артуы
АҚШ-та мұнай өндірісі жоғарғы деңгейде қалып отыр. Амерканың сланц компаниялары технологиялық прогресс пен ірі кен орындарының болуы салдарынан бағаның құлдырауын бастан кешірді. Енді кейбір компаниялар мұнай бағасы барреліне 40 доллар болса да өндірістің табысын арттыруы мүмкін. Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметінше, америкалықтардың мұнай ұсынысы осы жылы 5%-ға 2018 жылы 8%-ға артуы мүмкін.
5. Алыпсатарлардың әрекеті
ОПЕК-тің мамыр айындағы жиналысы болардан бұрын хедж қорлар сынды алыпсатарлар және ірі инвесторлар мұнайдың рекордтық көлемін жинақтады. Ал ОПЕК мұнай көлемін бекітілген деңгейге қысқарту шешімін екінші рет қабылдаған соң инвесторлар мен трейдерлер ұзақ мерзімге жоспарлаған позициясын өзгертіп, мұнай бағасының арзандауына ықпал етті.