Қазақстан шикізаттық емес экспорт көлемін 20%-дан аса деңгейге ұлғайтқан. Бұл туралы «Kazakh Invest» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Статистикаға сенсек, Қазақстан жыл басынан бері өңделген тауарлар экспортының көлемі 2017 жылғы 4 ай ішінде 836 млн долларға (21%) өскен.
Сонымен шетелдерге жеткізілген тауарлардың 54%-ға жуығы металлургия өнімдері, 20%-дан астамы – химия өнеркәсібі, 13%-ға жуығы – отын және 7%-ы тамақ өнеркәсібі саласына жатады. Ең көп өсім металлургия саласы мен минералды өнімдерге тиесілі.
Мысалы Қытай және Ресей Қазақстанның шикізаттық емес экспортының басты нарығы, шамамен 40% үлесті құрап отыр, 2017 жылғы 4 ай қорытындысы бойынша мұндағы экспорт 21% және 27% өскен. Біріккен араб әмірлігіне 32 мың тонна мыс өнімі экспортталған. Қазір екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты өсіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ЕО елдеріне, яғни Батыс және Шығыс Еуропаға жеткізу 8%-ға өсіп келеді.
Өткен жылдан бастап Вьетнамға экспорт көлемі артып келеді және 2017 жылғы 4 ай қорытындысына сәйкес, мырыш және қорғасын экспорты 91 млн АҚШ долларына дейін 4 есе өскен.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды