Ливияда Муамар Каддафидің ұлы бостандыққа шықты деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
Каддафидің ұлы Әл-Ислам Шығыс Ливия парламенті қабылдаған амнистия заңы бойынша бостандыққа шықты.
Муамар Каддафидің өлімінен кейін 2015 жылдың 28 шілдесінде Ливия соты Сейф әл-Исламды өлім жазасына кескен болатын. Ол 2011 жылдан бері Ливия көтерілісшілерінің иелігіндегі елдің солтүстік-батысында орналасқан Зинтан түрмесінде отырған.
Көтерілісшілер осы уақытқа дейін Әл-Исламды халықаралық дәрежеде мойындалған Триполи үкіметіне беруден бас тартып келген.
Қазіргі таңда Әл-Исламның түрмеден шығып қайда бет алғандығы белгісіз. Оның қорғаушысының айтуынша Әл-Исламның қайда екендігін айту оның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті Каддафи ұлының қазіргі мекен-жайы құпия күйінде қалмақ.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы