Алтынның бағасы жыл басынан бері 12%-ға қымбаттап, унциясы 1287,2 доллар болған.
5 маусым күні құнды металдың бағасы сауда кезінде унциясына 1282,5 доллардан 1287,6 долларға дейін көтерілген. Осы нәтижелерге сүйенсек, алтынның бағасы жыл басынан бері 11,74%-ға қымбаттаған.
Sberbank Investment Research сарапшысы Михаил Шейбенің сөзінше, алтын бағасының қымбаттауы америкалық еңбек нарығындағы мәліметтердің әлсіз болуымен байланысты. Оның сөзінше, өткен жұмада бағалы металдың құны 19 долларға көтерілген.
"Қазір алтынның унциясы 1280 доллардан жоғары. АҚШ-тың еңбек министрлігі ұсынған статистика бағаның қымбаттауына әсер етті. Себебі өткен мамыр айында жұмыспен қамтылағандардың өсімі баяулап кетті", - дейді ол.
Айта кетейік, өткен аптада ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев екінші деңгейлі банктер арқылы 10,20,30 грамдық тазартылған алтын құймалары сатылымға шығарылатынын мәлімдеген. Оның сөзінше, еттеуші алтын құймаларын сату бойынша Халық банк және Еуразиялық банкпен келісім жасаған. Енді Астана, Алматы, Өскемен, Атырау қалаларында сатып алуға болады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы