KazSat жер серігі іске қосылғалы бері қазақстандықтар жылына $45 миллион доллар үнемдеп отырған. Сонымен қатар, қазақстандық жер серігі мемлекетке 14,7 миллиард теңге пайда әкелген. Бұл туралы қорғаныс және аэроғарыштық салалардың министрі Бейбіт Атамқұлов мәжілісте өткен үкіметтік сағатта мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, егер шетелдік жер серіктерін қолданатын болсақ, олардың қызметіне жыл сайын $45 миллион доллар төлеу қажет болады.
KazSat ғарыштық жабдығы 2006 ж. маусымның 18-інде Байқоңыр айлағынан Ресей және Қазақстан президенттерінің қатысуымен ұшырылды.
KazSat-тың ұшырылуынан бастап Қазақстанның ғарыштық бағдарламаларын іске асыру басталады.
KazSat Жер серігі 72 MHz өткізгіштік жолағымен 40 W және 90 W Ku-диапазонындағы 12 транспондерлермен жабдықталған. Жер серігінің қамту аймағы Қазақстанның аумағын, Орталық Азия республикаларын, Кавказды, Ресейдің орталық бөлігін қамтиды.
Жер серігінің аппаратурасы кіші диаметрдегі антендік жүйелерге дабылдың жақсы қабылдауын қамтамасыз етеді.
KazSat телерадиохабарларын тарату арналары, телефондық байланыс, деректерді беру, Интернет желісіне кеңжолақты қол жеткізу, VSAT-желілерді құру және дамыту, ведомстволық және корпоративтік байланыс желілерін құру, мультимедиялық қызметтер пакетін көрсету үшін арналған.