Қазақстан Иранмен ғарыш саласында бірлесе жұмыс атқармақ.
2016 жылы Иран мен Қазақстан ғарыш жүйелері мен технологиялар саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойған болатын. Алдағы уақытта қос тарап бірлескен ғарыш жобаларын жасауды жоспарлап отыр. 2009 жылдың 2 ақпанында Иран «Сафир» зымыраны мен «Үміт» деп аталған жерсерігін орбитаға шығарды. 2011 және 2012 жылдары тағы да екі жерсерігін ұшырды. Оның біреуі ғарыштағы нысандарды бақылайды, ал екіншісі ауа райы құбылыстарын зерттейді.
Жақында ғарышты игеруді қолға алған Иран орбитаға шығуының он жылдығын атап өтпек. Сонымен қатар, ірі су тасқынынан кейін Иран билігі спутник саланы күшейту қажеттігін мәлімдеді. Енді болашақта осындай табиғи апаттардың зардабын азайту үшін қазақстандық әріптестерімен бірлесіп жұмыс атқармақ. Мамандардың айтуынша, қазақстандық KazSat спутнигінің көмегімен онлайн түрде бейнелермен алмасып тұруға болады.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?