2017 жылы мемлекеттік бюджеттің тегін медициналық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыны 32%-ға өсіп, 955,7 млрд теңгені құрайды. Өйткені соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 3 есеге артқан. 2019 жылы 1,1 трлн теңгені құрауы мүмкін. Жалпы алғанда әрбір қазақстандыққа тегін медициналық көмек көрсету үшін орташа есеппен 52 мың теңге жұмсалады. Мұндай алдын ала деректерді ranking.kz агенттігі келтіріп отыр.
2016 жылы тегін көмек көрсету аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджет шығыны 21%-ға немесе 86,5 млрд теңеге дейін артқан. Ал осы жылы тағы 8%,-ға артып, 93,7 млрд теңгені құрауы мүмкін.
Айта кетейік, осы жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті медициналық сақтандыруға төлемдер қабылдана бастайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтитын халықтың жарналары 2017 жылдан бастап ең төмен деңгейдегі бір жалақы және санатына байланысты барлық табыс түрлері мөлшерінің 2%-ын, 2020 жылы – 7%-ын құрайды. Ал мемлекет 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың әлеуметтік-қорғалмаған тобына 3,75%, 2018 жылдан бастап 4%, 2023 жылдан бастап 6%қаржы бөледі. Жұмыс берушілердің жұмысшыларға бөлетін жарналарының көлемі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 1% болады, 2022 жылдан бастап көрсеткіш 3%-ға дейін көбейеді.