2017 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасында инфляция 3,3%-ды құрады. Жалпы баға азық-түлік тауарларына 4,3%, азық-түлік емес тауарларына – 2,6%, ақылы қызметтерге – 2,7%-ға өскен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы жылдың басынан бері баға картопқа 53,9%-ға, жаңадан жиналған көкөністерге – 15,3%, қой етіне – 10,1%, сиір етіне – 8,4%, жаңадан жиналған жемістерге – 6,1%, сары майға – 5,9%, консервіленген сүтке – 5,3%, жылқы етіне – 4,2%, кондитерлік өнімдерге – 4%, мәйекті ірімшікке – 3,7%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қиярға 43,1%, жұмыртқаға –20%, қызанаққа – 10,2%, қарақұмық жармасына – 9,6%, қантқа – 6,8%, күнбағыс майына – 5,4%-ға көтерілген.
Баға өсімі автомобильдерге 4,3%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 4%, тоқыма бұйымдарына – 3%, фармацевтикалық өнімдерге – 2,6%-ға, жеке қолданатын тауарларға, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына – 2,4%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, тұрмыстық аспаптарға – 2,1%-дан құрады. Баллондағы сұйытылған газ 5,8%, бензин – 5,5%, дизель отыны – 4,5%-ға қымбаттады.
Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, денсаулық сақтау – 4,6%, қоғамдық тамақтандыру – 2,2%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 2%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 3,7%, ішкі қалааралық – 2,7%-ға қымбаттады, ал жолаушылардың темір жол көлігімен – 3,1%, әуе көлігімен – 1,7%-ға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға 7,3%, ыстық суға – 6,9%, кәрізге – 6,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%, электр энергиясына – 3,1%, суық суға – 2,2%-ға жоғарылады.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды