Збигнев Бжезинский 1928 жылы польшалық дипломаттардың отбасында дүниеге келген. 1950 жылы АҚШ азаматтығын алған ол осы мемлекетте өзінің карьерасын өсірді.
Бжезинский социология, саясаттану философия саласында зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Ол көбіне КСРО мен социалистік елдерді зерттеуге ден қойған. КСРО құрамында болған халықтардың ұлт-азаттық күресіне қолдау көрсетті. 1990 жылдардан бастап КСРО ауқымындағы, оның ішінде Орталық Азиядағы геосаяси жағдай мен жаңадан пайда болған тәуелсіз мемлекеттердің болашағы туралы мәселелермен шұғылданды.
Сондай-ақ, ол кеңестік режимге қарсы күрескен Ауған моджахедтеріне АҚШ әкімшілігі толық қолдау көрсету үшін жұмыс істеді. Кейін НАТО-ның шығысьа дамуына атсалысты.
“Екі дәуір тоғысында” (1970) “Үкімет және принцип” (1983), “Ойын жоспары: кеңес-америка бәсекелестігінің геостратегиялық шеңберлері”, “Ұлы құлдырау: XX ғасыр басында коммунизмнің пайда болуы мен ақыры”, "Ұлы шахмат тақтасы" (1998) атты еңбектердің авторы.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?