АҚШ Орталық барлау басқармасының бұрынғы бастығы Жон Бреннан Конгресте сөйлеген сөзінде, ол Трамп командасындағы белгілі бір адамның Ресеймен байланыс жасап жүргенін өткен жылы білгенін айтты. Бірақ ол бұл істі бірден «Ресеймен тіл біріктіріп, отанды сату» деп түсінуге келмейді деді. Бұдан кейінгі Ақүй мәлімдемесінде, айтылып жүрген «Трамп Ресеймен астасты» деген айтылымды дәлелдейтін еш факт жоқ екенін, мұндай өсектің ешқандай құны қалмағанын айтты.
Қытайдың "Шинхуа" агенттігінің ресми сайты жариялаған хабарға қарағанда, Бреннан АҚШ Өкілдер палатасында сөйлеген сөзінде, өзін Ресейдің АҚШ-тағы сайлау ісіне араласуын байқаған алғашқы АҚШ шенеунігі деп көрсетті. «Әрбір адам анық білуге тиісті бір іс болса – Ресейдің былтырғы АҚШ сайлау ісіне кедергі келтіруі», – деді ол.
Ақүйдегі лауазымды тұлғалар әр түрлі пікір айтқанымен, Трамп командасы бұл істі жылы жауып өтіп барады деуге болады. Жақында АҚШ президенті Трамп: «Демократиялық партияның бұрынғы сенаторы Джозеф Либерман болса жұмыстан босатылған Жеймс Комидің үздік кандидаты», – деп таныстырған. Демек, Трамптың мақсаты барынша Комидің әңгімесін жауып, Ақүйдің ішіндегі дүбірді басу. Федералдық барлау басқармасының бастығы қызметіне Трамп өзінің ыңғайына көнетін бір адамды әкеліп қоя алса, онда Ақүйдегі ішкі дау-дамай уақытша толастайтыны анық.