Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"Халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында билетті сатып алу мерзіміне қарай Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей қатынайтын және Өзбекстаннан Ресейге Қазақстан арқылы жүретін пойыздарға жеңілдіктер енгізіледі", - делінген хабарламада.
Аталған жеңілідктер 2017 жылдың 27 мамыры мен 28 желтоқсанына дейін төмендегідей көлемде қарастырылған:
Купе және СВ вагондар үшін:
- Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 45 пайыз жеңілдік.
- Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 35 пайыз жеңілдік.
Плацкарт вагондар үшін:
- Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 35 пайыз жеңілдік.
- Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 25 пайыз жеңілдік.
Бұл жеңілдіктер бір мемлекет ішіндегі маршруттарда және бір топ жолаушылар бірге билет алған жағдайда қолданылмайды.