Ұлыбританияда Манчестердегі жарылысқа қатысы бар деген күдікпен жетінші адам ұсталды деп хабарлайды ВВС ақпаратттар қызметі.
Ұлыбританияның орталығында орналасқан Нанитон қаласында "Манчестер Аренадағы" жарылысқа қатысы бар деген күдікпен тағы бір адам ұсталған.
Бұған дейін Ұлыбритания полициясы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен алты адамды қамауға алған болатын. Оның ішінде жарылыс жасаған Салман Абедидің ағасы Исмаил Абеди мен әкесі және кіші інісі де бар. Салман Абедидің әкесі мен інісі Ливияда жүрген жерлерінде ұсталған.
Ұлыбритания полициясының мәліметінші «Манчестер Арена» стандионындағы жарылысты лаңкестік топ ұйымдастырған.
Естеріңізге салайық мамырдың 22 күні Манчестер қаласында жарылыс орын алып, салдарынан 22 адам көз жұмып, 64 адам жарақат алған. Террорлық шабуылды "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы өз мойынына алған болатын.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау