Бейжің университетінің (Peking University) жасаған зерттеу қортындысы бойынша, 2020 жылға барғанда Қытай халқының 50 пайызы миопия (алыстан көре алмаушылық) ауыруына шалдығады екен. Бұл туралы сол елдің «Шинлаң» агенттігінің ресми сайты хабарлады.
Аталған университеттің ғылыми зерттеу тобы жүргізген тексеру нәтижесі бойынша, 2020 жылы алыстан көре алмау ауыруына шалдығатын қытайлықтар саны 70 млн-ға артады. Мұның басты себебі ретінде жастар мен жасөспірімдердің мектептен тартып жоғары оқу орнына дейінгі үйренуге, түрлі емтихандарға бөлетін уақытының көптігін алға тартуда. Ал қосымша факторлар ретінде көзге зиянды тұрмыстық әдеттер және күн сайын артып келе жатқан компьютер, ұялы телефон қатарлы технология қолданылу уақытының ұзақтығы деп көрсетті.
Зерттеушілер осылардың арасында телефонның адам көзіне ең көп зиян келтіретіндігін ерекше ескертті. Телефон экранына қарап жұмыс істеу уақыты 24 сағат ішінде 55 минуттан асса, 2-3 жыл ішінде адамның алыстан көрмеу ауыруына шалдығатынын айтып отыр.
“The Qazaq Times”












                                                        





                                        Тоқаевтың «Тіл еркіндігі» – Өз тілінен ыңғайсызданатын биліктің бейнесі ме?
                                    
                                        8 Наурыз – Мкереке құтты болсын арулар!
                                    
                                        Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
                                    
                                        Рамазан – рухани тазалық пен мейірім айы
                                    
                                        Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
                                    
                                        ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады