Британдық ғалымдар Instagram-ды денсаулыққа ең қауіпті әлеуметтік желі деп атады. Бұл туралы бүгін жарияланған RSPH – жастардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайын қадағалайтын ұйым өкілдері мәлімдеді.
Әлеуметтік желілердің адам денсаулығына зиянын анықтау мақсатында жүргізілген сауалнамаға 14-24 жас аралығындағы 1 мың 479 адам қатысқан. Жастардан өздері жиі пайдаланатын әлеуметтік желілер жайында және оларды пайдаланғаннан кейін қандай әсерде болатыны туралы ойлары сұрастырылған. Және кез-келген сауалнамаға қатысушыдан «жалғыздық», «депрессия», «қобалжу», «мазақ болу», «имидж қалыптастыру» секілді кілт сөздерді қалай түсінетіндіктерін және осы секілді 14 сұрақ қойылған болатын.
Зерттеу барысында сұрастырылған YouTube, Instagram, Snapchat, Facebook және Twitter секілді әлеуметтік желілердің ішінде ең жағымды әсер қалдыратыны - YouTube әлеуметтік желісі болған. Ал қалған әлеуметтік желілер Twitter, Facebook, Snapchat, Instagram психолгиялық ықпалы жағынан аса пайдалы еместігі анықталған.
Жоба авторларының есептеуінше, 16-24 жас аралығындағы жастардың 91 пайызы әлеуметтік желілерді пайдаланады екен.
Ғалымдар келтірген баяндамада: «Әлеуметтік желілер темекі мен алкогольге қарағанда едәуір қауіпті болып келеді. Соңғы 25 жылдың ішінде жастар арасындағы депрессия мен психологиялық күйзеліс 70 пайызға артқан. Әлеуметтік желілер қобалжу, күйзеліс, ұйқының бұзылуына алып келетін ең негізгі фактордың бірі болып табылады» - делінген.