Енді он жылдан кейін халықтың қартаюы тек Еуропа ғана емес, Азия үшін де үлкен проблемаға айналуы мүмкін. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының аймақтарға арналған экономикалық шолуынада айтылған. Салыстырмалы түрде жан басына шаққандағы табыстың төмен болуы және демографиялық процестің жылдамдауы азиялықтардың мақсатына жетпей жатып қартаю қауіпін төндіріп отыр.
Азиядағы, әсіресе Шығыс Азия елдеріндегі экономикалық өсім «демографиялық дивидендтерге» негізделген деуге болады. Себебі бұл елдерде үйде отырғандардан гөрі жұмыс істейтіндер саны көп. Тиісінше, туу көрсеткішінің азаюы (көбіне Жапония халқы) салдарынан 2050 жылға қарай халық арасында қартайғандар саны көп болуы мүмкін. ХВҚ-ның болжамына сенсек, ширек ғасырда әлемдегі 65 жастан асқан қарт адамдардың үлесі 2,5 есеге, оның ішінде азиялықтардың саны 3 есеге жоғары болады. Яғни мұнда АҚШ пен Еуропаға қарағанда демографиялық процесс әлдеқайда жылдам дамиды деген сөз.
ХВҚ алда болатын осындай өзгерістерге байланысты Азия елдеріндегі макроэкономикалық саясатты реттеуді ұсынып отыр. Ол үшін зейнетақы және еңбек заңдары реформаланып, ұлттық қарызға қатысты жағдайлар ретке келу керек.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі