Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуға негізделген келісімшартты ұзартуға байланысты тараптардың шарттарын талқылап, келіссөздер жүргізуге дайын. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
28 сәуір күні Сауд Арабиясының энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халед әл-Фалех мұнай өндіруді азайтуға байланысты келісімшартты тағы жарты жылға ұзартуды ұсынған болатын. Сонымен қоса, Халед әл-Фалех бұл мәселе жөнінде Қазақстанның примьер-минстрі Бақытжан Сағынтаевпен кездесіп, ақылдасуды жоспарлап отырғандығын жеткізген .
Қанат Бозымбаев журналистерге: «Қазақстан келісімшарттың мерзімін ұзартуға байланысты шарттарды талқылауға дайын» - деді.
Министр мамырдың соңында Вена қаласында өтетін келіссөздерге не өзі, немесе орынбасары баратындығын айтып отыр.
ОПЕК өткен жылдың 30 қарашасында қазандағы көрсеткішке қарағанда мұнай өндіруді 1,2 миллион баррельге дейін қысқарту туралы шешім шығарған болатын.
The Qazaq Times