АҚШ Федералдық барлау басқармасының (BIF) әйел қызметкері – Грини, 2014 жылы Сүрияға арнаулы міндет өтей барған кезінде, атышулы "Ислам мемлекеті" (IS) террорлық ұйымының ең беделді адамдарының біріне тұрмысқа шыққан. Бұл туралы Қытайдың "Шинлаң" (Sina News) ақпараттық сайты АҚШ CNN агентіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жұртты таңқалдыратыны, федерациялық барлау басқармасы Гриниге аталған террорлық ұйымның ең ықпалды мүшелерінің бірі Денис Касперт (Denis Cuspert) атты адамды көрсетіп, оны аса сақтықпен, қадағалап тексеруді тапсырған. Алайда, АҚШ Фдерералдық барлау басқармасының қызметкері мен террорлық ұйымның мүшесіне тұрмысқа шыққан. Федералдық сот естеліктеріне қарағанда, Денис Касперт Сүрияға барған АҚШ-тың FBI қызметкерлеріне сес көрсеткен. Гринидің күйеуіне үрейлі хаттар жолдап қорқытқан.
Грини ісі тексеру аяқталмаса да, АҚШ ұлттық қауіпсіздігі үшін саналатын Федералдық барлау басқармасы қызметкерінің, әлемдік террорлық ұйым атаманымен некеде болғаны естігенді елең еткізбей қоймайды.
Жұртты тіксіндіретін тағы бір себебі, Денис Касперт ұйымда аса беделді адамдардың бірі. Бұдан бұрын Германияда өткір тілді әншісі саналатын ол, «Жиһад соғысын» ұйымдастырудағы белсенділігімен көптеген елдердің назарынан іліккен. Денис Касперттың Германиядағы қолданған есімі – Deso Dogg. Сүрияға келгеннен кейін Abu Talha al-Almani деген атты қолданған. Халықаралық террорлыққа қарсы ұйымдар оның әр елдің басшыларының атын атап, түсін түстеп видеолар арқылы сес көрсетумен аты шыққан лаңкес атаманы екенін біледі. Тіпті ол адамның кесілген басын бір қолына ұстап тұрып: "Келесі жолы АҚШ президенті Барак Обаманы бауыздаймын!", – дегені де бар.
Терроршыл Дениспен үйленгеннен кейін санаулы апталар өткенде, Грини өзінің қатты қателескенін біліп, АҚШ-қа қашып барған. Бара сала тұтқындалған. Сондай-ақ, АҚШ үкіметі тарапымен сәйкесуге қарсы болмаған. Тексерулердің нәтижесі көрсеткендей, Грини халықаралық террористтер арасына кіргеннен кейін бірнеше рет қатерлі сөздер жариялағанын да мойындаған. Осыдан кейін Федералдық сот оны екі жылға соттаған. 2016 жылы жазда бостандыққа шыққан.
АҚШ Федералдық барлау басқармасы көрсеткен мәліметке қарағанда, осы оқиғадан кейін, көпжақты зерттеулер арқылы қауіпсіздік пен сақтық шараларынан көптеген істерді қайталай бекіткен. BIF бұл күнде қызметкерлеріне міндет атқару барысындағы сақтық пен амандықты күшейте шарттары мен талаптарын күшейте түсті .
Мейлі қалай десек те, әлемге аты мәшһұр АҚШ-тың маңызды қауіпсіздік ұйымы қызметкері, халықаралық лаңкестік топтың атаманына тұрмысқа шыққаны сенуге қиын шындық болып отыр.
“The Qazaq Times”