Лондон полициясының басшысы болған сэр Бернард Хоган-Хоу қызметінен кетіп, оның орнына Крессида Дик тағайындалды. Дик британдық полицияның тарихында басшылыққа тағайындалған алғашқы әйел – деп хабарлады bbc.com.
«Бұл қызмет мен үшін тамаша мүмкіндіктерді ашып қана қоймай, үлкен жауапкершілікті де жүктейді. Мен астанамыздың тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамсыз етіп және оларға қызмет көрсетуді үлкен мақтаныш деп білемін.»-, деп, өзінің ыстық лебізімен бөлісіп, Скотленд-Ярдқа қайта оралғаны үшін де өте қуанышты екендігін жеткізді.
Осы уақытқа дейін Дик ұлттық контртеррорлық ұйымда басшылық қызметтерді атқарған. Ал 2014 жылы Лондон полициясындағы 31 жылдық қызметінен кейін сыртқы істер министрлігіне ауысқан болатын.
2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында елдегі қауіпсіздік қызметі бойынша көптеген маңызды шешімдерді қабылдап, қаланы контртеррорлық шабуылдардан қорғау бойынша көптеген операцияларды басқарды.
Ресми деректерге сәйкес, Лондон полициясының басшысының жалақысы сыйақы мөлшерін есептемегенде, жылына 270 мың фунт стерлинг (335 мың доллар) көлемінде.
«The Qazaq Times»

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес