Қырғызстанның мәдениет қайраткерлері 20 жылда алғаш рет Өзбекстанға бір апталық турға барады. Ош қаласының Бабыр атындағы театрының әртістері 10 ақпанда Әндіжан, Наманган және Ферған қалаларына сапарға шықты. Олар көрші елдегі көрермендерге "Айкөл Манас" қойылымын ұсынады. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" жазады. 

Театр директоры Набижан Мамажановтың хабарлауынша, топта 46 әртіс бар. Театр турының шығынын өзбек тарапы көтереді.

Еске салайық, Қырғызстан мен Өзбекстан қарым-қатынасы 2016 жылы күзде жақсара бастады. Үкімет делегациясы Өзбекстанда сапарда болды, одан соң Қырғызстан өзбек делегациясын күтіп алды.

“The Qazaq Times”