Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев жаңартылған концстуцияға қол қойды. Бұл конситуция өткен жылдың 11 желтоқсанында референдум өткізілгеннен кейін өзгертілген болатын. Бұл туралы “Фарс” баспасөз агентігі мен Би-Би-Сидің қырғыз қызметі жазды.
Бұл іс-шараға елдің барлық билік құрлымдары, басшылары ат салысты. Жоғары Кеңештің спигері Чыныбай Турсунбеков, премер-министр Соорнбай Жээнбеков, Жоғары соттың төрайымы Айнаш Токбаева, Жоғары сот Конситуциялық палатасының төрағасы Эркинбек Мамыров және парламент фракциясындағы басшылары қатысқан.
Атамбаев бұл жайлы: "Бүгін біз халықтық референдумның нәтижесінде қабылданған Қырғызстанның ешқандай қатесі жоқ жаңа Конституциясын көріп отырмыз. Енгізілген реформалар 2010 жылғы революциядан кейінгі үкіметтің жетістіктерін сақтап қалуға көмектеседі" дей келіп: Қырғызстанның тәуелсіздігінің баяндылығы жолында үлкен қадам жасалғанын, бұдан былай қырғызстандық азаматтардың өз құқықтарын жақсы білетінін айтты.
Қырғызстан президенті жаңа Конституцияның мазмұнының көмегімен биліктің ауысуының бейбіт түрде өтетінін мәлімдеді.
Жалпы сайлаушылардың 42 пайызы дауыс беруге қатысып, Конситуциядағы өзгертулерге 80 пайызы қолдаса 16 пайызы қарсы дауыс берген.
“The Qazaq Times”


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?