
Иорданияның королі Абдулла ІІ бен Хусейн 1999 жылы таққа отырған. Хусейн бен Талаланың ұлы. Арғы аталары Меккелік мұсылман қауымына қадірлі әулеттен тараған. Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың тіке ұрпағы. 2008 жылдың маусымында Қазақстанда арнайы сапарда болған.
REUTERS.COM-ның хабарлауынша, король Абдулла АҚШ жаңа өкіметімен келіссөз жасаған алғашқы араб басшысы. Ол Трамппен Сүрия (Сирия) дағдарысы және апта бұрынғы Ислам елдерінің азаматтарына қарсы жасалған "Иммиграция саясаты" мәселелер тақырыбында кеңескен.

Түрік Радио-Телевизиясы ресми сайтының айтуынша, Трамп Иордания королінің ел тұрақтылығы мен дамуындағы еңбегін жоғары бағалаған. Ислам елдерінің орнықтылығын, тыныштығын сақтаудағы рөлін атап өтіп, Иорданиядағы ДИАШ лаңкестік ұйымын тізгіндеудегі еткен еңбегіне алғысын білдірген.

Иорданияның жаңашыл патшасы Абдулланың, АҚШ-тағы жаңа саясаттың жолға қойылып жатқан кезінде Трамппен кездесіп, маңызды тақырыптар туралы кеңесуін Батыс пен Орта және Таяу-Шығыс БАҚ-ы жоғары бағалап отыр. Батыс елдерімен қарым-қатынаста ашық позиция ұстанатын король Абдулланың АҚШ сапары әліде жалғасуда.
“The Qazaq Times”


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі