«Америкалық ғалымдардың ойынша, адамның бойындағы артық салмақ,  жүрек-қан тамырлары ауруларымен тікелей байланысты», – дейді Naked-science. Зерттеу нәтижелерін Obesity журналында жариялады.

Артық салмақ – жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болуына әсер ететін бірден-бір фактор. Алайда, адамның психикалық жағдайының семіздікке қандай қатысы бар екені белгісіз болған. Осы уақытқа дейін жасаған тәжірибелерінде ғалымдар, стигматизацияның жұмыс істеуді қиындататынын (жалқаулық пен өз еркінсіз), сонымен қатар өзін-өзі бағаламау, уайымшылдық пен депрессияға әкеліп соғатын процесс екенін анықтаған.

Сондай-ақ, адамның салмағы оның денсаулығына қандай әсер ететіндігін анықтау үшін, Пенсильван университетінің ғалымдар 21-65 жас аралығындағы 159 адамға тәжірибе жасап көрді. Авторлар салмақтары әртүрлі  болатын адамдарды салыстырды.

Анализ қорытындысы бойынша, толық адамдарда стигматизацияланған адамдарға қарағанда триглицериннің көбею қаупі 6 есе төмен. Яғни бұндай организмдерде, салыстырмалы түрде, метаболикалық синдром екі есе жоғары болады. Артық салмақтағы адамдардың өзіне сенімсіз және өздерін төмен бағалайды екен. Оның үстіне бұл тенденция өзге көрсеткштермен де тікелей байланысты: мысалы, жасқа, жынысқа, әлеуметтік жағдайына, т.б.

Ғалымдардың пайымдауынша, алынған бұл деректер – аса қауіпті жағдаяттарға әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, стресс немесе депрессия семіздік ауруының туындауына себепші болады. Ғалымдар аталмыш мәселені тереңірек зерттеуді жалғастыратындықтарын айтты.

"The Qazaq Times"