Б. Сағынтаев азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша Т.Сүлейменовтің есебін тыңдады. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында хабарланды.
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің есебін тыңдады.
Онда ведомствоаралық жұмыс тобының күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеуге қатысты іс-шаралары, сондай-ақ өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмысы және сауда орындарын отандық азық-түлікпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Премьер-Министр Б. Сағынтаев уәкілетті мемлекеттік органдарға бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауды және монополияға қарсы заңдылықтың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.
"The Qazaq Times"












                                                        





                                        Тоқаевтың «Тіл еркіндігі» – Өз тілінен ыңғайсызданатын биліктің бейнесі ме?
                                    
                                        8 Наурыз – Мкереке құтты болсын арулар!
                                    
                                        Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
                                    
                                        Рамазан – рухани тазалық пен мейірім айы
                                    
                                        Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
                                    
                                        ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады