Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Арменияның арандатушылық әрекетінің артып отырғанына байланысты Азербайжан тарапының алаңдаушылығын білдіреді. Себебі, Армения бейбітшілікті сақтауға негізделіп, Венада, Санкт-Петербургте өткізілген келісімдерді, қайшылықтың адын-алуға бағытталған шарттады бұзып отыр.
Былтырғы жылдың соңғы күндері, яғни 2016 жылы 29 желтоқсанда Армения қарулы күштерінің барлаушы-диверсанттар тобы армян-әзербайжан мемлекеттік шекарасын бұзып, кеезекті арандатушылық әректеке барды. Алайда, армян барлаушы-диверсанттар тобының бұл қаскөйлігі алысқа барған жоқ. Қарсылыққа тап болып, қатарларынан адам жоғалтып, кері шегінуге мәжбүр болды. Оларға қайтарма соққы беруде Әзарбайжан қарулы күштерінің жауынгері Чингиз Гурбанов қаза тапты. Оның денесін армяндар өз жақтарына алып кетті.
Армян тарапы өз әрекеттерін жасыру үшін, жауапкершілітен қашып отыр. Олар халықаралық заң-нормаларына қайшы келіп, шекара бұзған қылмыстарын жасыруда. Олар сол мақсатта жауынгердің денесін фотоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялап, моральдік-этикалық норманы бұзуға дайын. Сол арқылы адамгершілік құндылықтан безіп, лас насихаи пен жалған ақпар таратпақшы.
Былтыр сәуір айында Армения тарапының шекара бұзуынан болған соғыста да осындай жағдай болған. Армяндар қаза болған азербайжандық жауынгер Мубариз Ибрагимовтың денесін бермей қойған. Оны фотоға түсіріп, армян БАҚ-тарында, әлеуметтік желілерде жариялады. Кейін жауынгердің денесінен вандализм белгілері табылды. Соңынан халықаралық тараптың қысымның нәтижесінде жауынгердің денесі Азербайжанға қайтарылды.
Армения Республикасы халықаралық гуманитарлық құқықтарды бұзып, соғыста өлген жауынгерлердің денесіне вандализм жасау арқылы мәселені теріс бұғысы келеді. Сол арқылы халықаралық саяси саудагерлік жасайды. Біз халықаралық гуманитарлық ұйымдар, соның ішінде ізгілік мен қайырымдылықты ту ектен Қызыл крест ұйымы дереу тиісті шаралар қабылдап, жауынгер Чингиз Гурбановтың денесін Азербайжанға қайратуға қол ұшын созады деп үміт етеміз.
Аталған оқиға бойынша Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа өз өкілеттілігін асыра пайдаланып әрі оқиғаның өңін айналдырып көрсетуге тырысуда. Ол, аталған оқиға, Армения жерінде болды дейді. Сондай-ақ, Арменияның Азербайжан жерінде басып алған, өздерін «Таулы-Қарабах республикасы» деп атайтын жасанды жүйеге назар аударып, Әзербайжанның территориялық тұтастығы мен халықаралық деңгейдегі шекарасына сенімсіздік танытты. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысының бұл ұстанымы ОБСЕ тарапынан Минскіде өтетін келіссөздерді, армян-әзербайжан арасындағы Таулы Қарабах қайшылығын шешуге арналған қадамдарға кері әсер етуге қызмет етеді. Сонымен бірге, ұйымға мүше, Әзербайжанның территриялық тұтастығын қолдаушы елдердің жеккөрушілігін тудырады. Н.Бордюжа бұрын да осындай алдын-ала даярлаған мәлімдемелер жасап келген.
Арменияның бұл әрекеті армян-азербайжан шекарасында кезекті қақтығысқа жол ашады. Бұндай өзгеше тәсілдер Арменияға Н.Бардюжа секілді саясаткерлердің назарын аударып, ҰҚШҰ секілді ұйымды қақтығысқа тартады. Сол арқылы аймақтағы саяси жағдайдың шиеленісіп, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақсыздықтың ұлғайуына май құяды.
Біз Н.Бардюжаның бұндай жауапкершіліктен жұрдай мәлімдемесін қабылдамаймыз әрі ұйымға мүше елдердің оған деген бағасын күтеміз.
Әзербайжан Республикасы Арменияның Азербайжанға қарсы агрессиясы, армян қарулы күштерінің Әзербайжаннан заңсыз басып алған аумақтағы заңсыз килігуі - қақтығыс аймағындағы жағдайды ушықтырудың әрі саяси жағдайды тұрақтандырудың алдын-алатын бірден-бір себеп екенін әлденеше рет мәлімдеген болатын.
Әзербайжан Республикасы халықаралық қауымдастықты Арменияны бейбітшілікке келуге әрі одан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын атқаруды талап етуге шақырады.
“The Qazaq Times”