Бәріміз де АҚШ Теңіз армиясында «Карл Винсон» атты қуатты әскери техника бар, ол Солтүстік Кореяның іргесіне келіп, суық қаруларын сайлап төніп тұр деп ойлап келген едік. Ал, шын мәнісінде бұл Трамптың жұртты алжастыруы болып шықты. Расына келгенде, үстіне қырықтан астам ұшақ ұшып-қона алатын алып авиаматка Австралиядан Корей түбегі маңына келесі аптада әзер жетеді. Ал, Корей түбегінің жаңа жағдайына сай бұл алып кеме бағытын өзгерткен.
АҚШ Теңіз армиясы сейсенбі күні АҚШ-Солтүстік Корея шиеленісінің жаңа жағдайына орай АҚШ Теңіз армиясының авиаматкалары Солтүстік Кореяға жіберілмегенін растады. Алайда, АҚШ президенті Дональд Трамп пен жоғары қорғаныс кеңесшісінің мәлімдемесінде мұның керісінше болатын. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.
Шын мәнісінде, «Нимиц» класындағы алып авиаматка «Карл Винсон» болса, бірнеше мың шақырым қашықтықтағы Австралия жағалауынан солтүстік-шығыс әскери жаттығу алаңына келесі аптада жетуі мүмкін. АҚШ Теңіз армиясының Тынық мұхит штабы сейсенбі күні хабарлама жариялап, АҚШ-Австралия теңіз армияларының қысқартылған әскери оқу-жаттығуы аяқтала салысымен, «Карл Винсон» Батыс Тынық мұхитқа бағыт алу туралы бұйрық түскен. Бұл мәлімдемеден аталған әскери техниканың сақтық шарасы ретінде әрекет жасауға бұйырылғанын байқауға болады.
Демек «Карл Винсон» авиаматкасының бар міндеті адастыру. Бұл біріншіден әскери қимылдың құпиялығын сақтау үшін, екіншіден Ақ үйдің қатаң позициясын білдіру үшін керек болды. Теңіз әскери күштерінің өкілдері бұған жұртшылықтың алжасатынына кәміл сеніпті. Ақ үйдегі жоғары лауазымдылардың бірінің айтуынша, бұл шатастыру ісін АҚШ Қорғаныс департаментінің мойнына арту керек дейді. Пентагонның өзі бұл істің байыбына кеше ғана жетіпті.
The Qazaq Times