Александр Лукашенконың ескертілмеген, «құпия» инаугурациясынан кейін АҚШ Конгресмендері Беларусьте қайтадан сайлау өткізуді талап етіп отыр. Ресми мәлімдеме АҚШ Сыртқы істер комитетінің сайтында жарияланды.
АҚШ Конгресі Өкілдер палатасына қарасты Сыртқы істер комитетінің төрағасы Элиот Энгел және Республикалық партия өкілі Майкл Маккол өз партияларының атынан осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде: «Нағыз заңды көшбасшы ант беруді құпия рәсім ретінде өткізбейді. Диктаторлық билікке қарсы тарихи және бейбіт наразылықтар жағдайында бұл «инаугурация» Лукашенконың 9 тамыздағы жалған сайлау кезінде 80% дауысты әділ түрде жинамағанын көрсетті. АҚШ тарапы Лукашенконы оппозицияның Үйлестіру кеңесімен ынтымақтасуға және тәуелсіз бақылаудағы әділ сайлауды талап ететін Беларусь азаматтарының таоаптарын орындауды талап етеміз», – делінген.
23 қыркүйекте Минсктегі Тәуелсіздік сарайында Александр Лукашенконы ұлықтау рәсімі өтті. Ол 9 тамызда өткен президенттік сайлауда 80,10% дауыспен алтыншы рет мемлекет басшысы боп сайланды. Сайлауда 10,12% дауыс жинаған Светлана Тихановская сайлау нәтижелерін мойындамады. Осыған байланысты елде бір айдан астам уақыт бойы биікке қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр. Таяуда Тихановская оппозицияның үйлестіру кеңесін құруды бастады, ол жаңа сайлау жарияланғанға дейін наразылық акцияларын жалғастыруға үндейді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі