Сүрияда соғысып жатқан «Ислам мемлекеті» АҚШ-тың  бомбылауымен бір уақытта  Сүрия әскеріне шабул жасады деп жазады vz.ru РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ресейліктер бұны кездейсоқтық емес дейді. Хомс – Пальмира  тас жолының бойында орналасқан Сүрия әскерінің базасын «Ислам мемлекетінің» содырлары 1 сағаттай өз иеліктерінде ұстап, кейін шегінген.

Ал Хомс губернаторы АҚШ әскері атқылаған әскери базаның аймақтағы рөлі өте зор екенін айтқан.

“The Qazaq Times”