Өткен күні Қазақстанда коронавирус кеселіне 450 адамның шалдыққаны белгілі болды.

Дерттің беталысы 4,1% өсімді көрсетті. Кейстердің ең көбі астанада (101), Атырау (69), Қарағанды (59), БҚО (44), және Қызылорда облыстарында (31), сондай-ақ Шымкентте (32) тіркелген. Жұқтыру жағдайы барлық өңірден анықталған.

Көктемнің соңғы күні Шымкент қаласының 61 жастағы, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының 54 және 53 жастағы тұрғындары қайтыс болғаны туралы қаралы хабар айтылды.

Сонымен қауіпті дерт жұқтырған науқастар санының  жалпы  жиыны 11308-ге жетті. Оның 5404-і ауруынан айығып, сауығып ұйіне жіберілсе, 5,8 мыңдай адам әлі емделіп жатыр. Өкінішке қарай, ресми ақпарат бойынша, COVID-19 вирусын жұқтырған 41 адам ның жағдайы қиындап, қайтыс болған. Дегенмен бірқатар БАҚ өкілдері (Информбюро және Азаттық) Қазақстанда вирус жұқтырған кем дегенде 72 адамның қайтыс болғанын анықтап хабарлаған еді.

Кейстер саны бойынша Қазақстан өңірлеріндегі жағдай:

Аймақ Вирус жұқтырғандар саны Сауығып шыққандар саны Қайтыс болғандар саны
Ел бойынша 11 308 5 404 41
Алматы 2647 1552 10
Астана 2207 1121 6
Атырау облысы 1105 314 0
Қарағанды ​​облысы 932 243 3
Шымкент 867 274 8
Батыс Қазақстан облысы 665 309 1
Қызылорда облысы 402 245 0
Жамбыл облысы 380 196 1
Түркістан облысы 379 210 1
Алматы облысы 361 186 0
Ақтөбе облысы 343 189 0
Маңғыстау облысы 272 136 1
Павлодар облысы 206 149 3
Қостанай облысы 182 84 2
Ақмола облысы 166 107 4
Шығыс Қазақстан облысы 135 54 1
Солтүстік Қазақстан облысы 59 35 0

"The Qazaq Times"