26 наурызда Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі астанада – бес адам, Алматыда екі адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.
8 өңірде тіркелген COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 88-ге жетті. Олар:
- Алматыда – 34 адам,
- астанада – 46 адам,
- Қарағандыда – екі адам,
- Шымкентте – екі адам,
- Алматы облысында – бір адам,
- Ақтөбе облысында – бір адам,
- Жамбыл облысында – бір адам,
- Солтүстік Қазақстан облысында бір адам ем алып жатыр.
Кеше, 25 наурыз ақпарат министрі Дәурен Абаев ауруынан айыққан екі қазақстандықтың бүгін шығарылатынын хабарлап еді. Бірақ шенеунік науқас нақты қандай емшарамен, нендей дәрі құралы арқасында сауыққанын нақты айтпады.
Елде 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. Әзірге Алматы қаласы мен астана күшейтілген карантин режиміне көшті.
Dadax комерциялық емес компаниясына қарасты Worldometer статистикалық ақпараттар базасы және АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша, әлемде 470 мыңнан астам адам қатерлі вирусқа шалдыққан. Сондай-ақ 21 мыңнан астам науқас көз жұмса, 114 мыңдай адам дертінен айықты.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді