Төрт күннің ішінде доллар 23 теңгеге қымбаттап үлгерді.

13 наурызда биржадағы доллар курсы қымбаттауы жалғасып жатыр. Астана уақытымен сағат 11:00 шамасында америкалық валюта 405,05 теңгеге сатылуда. Доллардың ресми курсы бүгінге 399,27 теңгеге бекітілген. Ақша айырбастау пунктері долларды 405-406 теңгеден сатып алып, оны 407-408 теңгеге сатып отыр.

Investing.com-да сағат 11.00-дегі Brent маркалы мұнайдың баррелі 33,7 долларды көрсетті.

Бұған дейін 10 наурыз Ұлттық банк қаржы нарығы мен несие курсының тұрақтылығын сақтау мақсатында интервенция жүргізген еді. KASE-де доллар операциясында франкфурт аукционы әдісін қолдана бастады. Мұнай державаларының «саяси ойыны» оң жақтан шешілмеген жағдайда төрт күн ішінде реалиядағы бағасы 23 теңгеге өскен доллар алдағы уақытта одан ары қымбаттай беруі мүмкін дейді экономист-қаржыгер мамандар.

"The Qazaq Times"