Беларусь президенті Ресеймен сауда теңсіздігін сынға алды. Беларус тауарлары Ресей базарларына жетпей жатқандықтан, сауда теңсіздігі әр жылы 9 млрд АҚШ долларын құрап отырғанын айтты.

«Қандай да бір ұйымдарға назар аударсаңыз, ай сайын, жыл сайын жақсарып жатқанын көресіз. Ал, бізде не болып жатыр? Бізге жыл сайын жаңа шарттар қойып жатыр. Нәтижесінде біз экономикалық шығын тартып отырмыз», – деді Беларусь президенті Александр Лукашенко

Қазір Ресей мен Беларусь арасында арнайы жұмыс тобы құрылып, олар интеграцияны тереңдету бойынша жол картасын дайындап жатқаны белгілі. Тараптар бұл құжатқа 8 желтоқсан қол қоюы мүмкін екен. Бірақ, Лукашенко келісімдер елінің Ата заңына (коституциясына) қайшы болатын болса, бірде бір келісімге қол қоймайтынын ескертті.

«Шыбын тулады екен деп шыны сынбас». Лукашенконың анда-санда Ресейге көрсететін оқыс мінезін кейбір сарапшылар ел ішіндегі саяси ұпай үшін жасалған деп санайды. Айталық, кезекті батыл пікірлері алдағы президент сайлау алдындағы «балл жинау» үшін жасап отырған әрекеті деп есептейді.

Дей тұрғанмен, Ресей бас болған Еуразия Экономикалық одағы төңірегінде Лукашенконың айтып отырған уәжі шын. Ресейден өзге барлық елдерде де осындай сауда теңсіздігіне ұшырап отыр. Пайданы орыс тауып, өзгесі шынғын арқалайтын одақтың ережелері де құбылмалы.

Өткен апталарда Ресей Қазақстан мен Қырғызстаннан кірген 138 тонна көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін шекарасынан кіргізбей тастады. Ондағы уәжі құжаттары толық емес және сапа толымдылығы жоқ деген.

Ресейдің өзіне ыңғайлы ережелер арқылы сауда теңсіздігін тудырған әрекеттеріне қарап Лукашенко: «Бұндай одақтың не керегі бар!», – деген пікірін де айтқан.

“The Qazaq Times”