Қазақстанда менингитке қарсы карантин жарияланбайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның сөзінше, менингит өте қауіпті ауру. Сөйте тұра, елдің дүрлігуіне еш себеп жоқ екен.
"Біз менингит жұқтырып, одан қаза тауып жатқан науқастар туралы ақпаратты жоққа шығармаймыз. Алайда карантин жариялайтындай қауіп жоқ. Өйткені, аталған ауруға шалдыққан адамдар саны қалыпты деңгейден аспады. Отандастарымызға сабыр сақтап, дәрігерлерге тұрақты түрде қаралып тұруын кеңес етеміз" - деді, Біртанов.
Осы тұста, ведомство басшысы жыл басынан бері Қазақстанда 58 адамның менингитке шалдыққанын айтты. 12 науқас қауіпті аурудан көз жұмыпты. Оның 5-еуі 4 жасқа толмаған балалар.
Одан бөлек, қазір 4 мыңнан аса адам осы ауруға арсы ем қабылдап жатыр екен. Министр екпе құны шынында қымбат екенін жасырмады. Алайда аталған дәрі тегін таратылмайды деп кесіп айтты.
Бейбіт күнде аты жаман аурудан ажал құшып жатқанда, министрліктің елді сабырға шақырумен ғана шектеліп отырғаны - әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Сонда Қазақстанда менингитке байланысты карантин жариялану үшін тағы қанша адам қаза табуы керек? Ведомство қазірден бастап қамданудың орнына, әліптің артын бағып отыр ма? Бәлкім оларға марқұм болған адамдар әлі де аздық ететін шығар? Тым болмаса, ақылы екпені бүлдіршіндерге тегін салуға болмас па еді?
Жауабы жоқ сауал көп. Бірақ осылардың ешбіріне еліміздегі денсаулық сақтау саласына жауапты адамның жауап бере алмас анық...
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр