Оңтүстік Корея делегациясы Ким Жоң Унға Мүн Жайнның хатын жеткізді – деп хабарлайды Солтүстік Корея мемлекеттік ақпарат агенттігі.
Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун 6 наурыз күні Оңтүістік Корея делегациясын қабылдаған. Кездесу барысында Оңтүстік Корея делегациясын бастап барған Ұлттық барлау басқармасының басшысы Со Хун мен президент кеңесшісі Чон Ый Ен Ким Жоң Унға ел президенті Мүн Жайнның хатын табыстаған.
Бұдан бөлек қос тарап Корей түбегіндегі қауіпсіздік пен өзара қарым-қатынасты жақсарту жөнінде сөйлескен. Оңтүстік Корея делегациясы КХДР-да екі күн болады. Кейін келіссөздердің нәтижесін баяндау үшін АҚШ-қа ресми іс-сапармен барады деп күтілуде.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды