Оңтүстік Корея делегациясы Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен кездесетін болды – деп хабарлайды Аssociated Press ақпарат агенттігі.
Оңтүстік Корея делегациясы Солтүстік Корея астанасы Пиоңяң қаласына 6 наурыз күні барады деп жоспарлануда. Екі күнге созылатын ресми іс-сапарда делегация мүшелері КХДР басшысы Ким Жоң Унмен кездеседі деп күтілуде. Оңтүстік Корея делегациясының құрамына 10 адам енген. Олардың ішінде Ұлттық барлау қызметінің басшысы мен президент кеңесшісі бар.
Бұған дейін Ким Жоң Унның қарындасы Ким Ио Жоң Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайнмен кездескен. Шетелдің сарапшылар бұл кездесуге «ресми Пиоңяң Оңтүстік Кореямен байланыс орнату арқылы АҚШ-пен келіссөздер жүргізбек» деген баға берген.