Халықаралық Олимпиада Комитетінің Ақпараттық қызметінің хабарына қарағанда, ресейлік спортшылар Оңтүстік Кореяда өтетін Қысқы олимпиадаға қатысу үшін Кеңес одағының туын пайдалануды ХОК-ны арнайы комитетіне ұсыныс еткен. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
2017 жылы 5 желтоқсан күні ХОК шешім шығарып, Ресейдің 2018 жылғы Пиоңчаң қысқы Олимпиада ойындарына қатысу толымдылығын алып тастаған болатын. Дегенмен, допинг қолданбағаны анықталған ресейлік спортшыларға жекелей немесе топтық түрде қатысуына болатыны айтылған. Тек, Ресей туы мен ән ұранын қолданбауды шарт еткен. Осыған байланысты Ресейдегі әлеуметтік желі тұтынушылары Пиоңчаң қысқы Олимпиадасына қатысу үшін Кеңес одағының туы мен әнұранын қолдануды көбірек ортаға қойды. Тіпті, бұл ұсынысты ХОК-ге ұсыныс еткен.
Халықаралық Олимпиада Комитетінің ақпараттық қызметі жасаған мәліметке қарағанда, Ресей спортшылары ісі жөніндегі арнайы топ бұл ұсыныстарды жан-жақты қарап зерттегеннен кейін ғана шешім шығаратынын айтты.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау