Еуроодақ Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындамайды. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер жөніндегі басшысы Федерика Могерини Израильдің Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесу барысында мәлімдеді. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Биньямин Нетаньяхудың Еуроодақ мемлекеттері АҚШ-тың соңынан Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындағанын қалайтын ниетіне Федерика Могерини Палестина мен Израиль арасындағы соңғы бейбіт келісім жасалмайынша, мұндай мәлімдеме жасаудан бас тартатынын жеткізді.
"Еуропа мемлекеттері Иерусалим мәселесіне қатысты халықаралық консенсусты қолдайды. Біз бұл даудың ең оңтайлы шешімі бейбіт келіссөздерде деп білеміз", - деді ол.
Брюссельде өткен баспасөз конференциясы барысында Еуроодақтың ресми өкілі осыған дейінгі АҚШ-тың өңірдегі тұрақтылыққа қауіп төндіретін шешіміне қарсылық танытқан позициясында қалатынын тағы да көрсетті. Бірқатар Араб елдері мен мұсылмандар саны басым мемлекеттерде Дональд Трамптың Палестина мен Израильдің арасындағы таласта қай тарапқа тиесілі екені әлі анықталмаған, Ислам дініндегі қасиетті орындардың бірі Әл-Ақса мешіті орналасқан Иерусалим қаласын АҚШ-тың одақтасы Израильдің астанасы деп мойындау туралы шешіміне қарсы наразылық шерулері өткен болатын.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?