Қырғызстанның су жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаевқа «Қырғыз Республикасының Батыры» атағын берді.
Қырғызстан президент әкімшілігі таратқан мәлімет бойынша, бүгін Сооронбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаевқа ел тәуелсіздігін нығайту мен халық бірлігін күшейтуге қосқан үлесі үшін «Қырғыз Республикасының Батыры» атағын беруге байланысты құжатқа қол қойған. Бұған дейін 24 қараша күні Жээнбеков инаугурация рәсімінде Атамбаевқа мемлекеттік орден беруге уәде берген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін "Алмазбек Атамбаев биліктен кетсе де, оның құқықтары өзге қырғызстандықтардан қарағанда ерекше қорғалатын болады" деген ақпарат тараған болатын. Қырғызстанның өзгертілген Конституциясы бойынша, Атамбаев пен оның отбасы ерекше қорғалған. Оның үстінен қандай да бір қылмыстық іс қозғауға, тергеуге, үйінде тінту жүргізуге заң бойынша тыйым салынған. Бұдан бөлек Атамбаев өмірінің соңына дейін барлық шығындарын мемлекеттің есебінен жабатын болады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?