Енді Қазақстанда банктер мен ұйымдар азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік алады. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
Оның сөзінше, азаматтардан электронды анықтама талап етуді алып тастау жоспарланған. "Бірнеше мемлекеттік органмен бірге Paper free немесе "Анықтамасыз қызмет көрсету" жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Жоба азаматтардан ең қажетті деген электронды құжаттарды талап етуді алып тастауға бағытталған", - дейді Абаев.
Министрдің айтуынша, 2016 жылы 37 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген, олардың 23 миллионын немесе 65%-ын электронды құжаттар беру қызметі құрайды.
"Барлық электронды құжаттардың негізгі бес түріне сұраныс көп. Олар мекен-жай анықтамасы - 15 млн, жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама - 2,6 млн, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар бойынша анықтама - 2,5 млн, зейнетақы жарналары бойынша - 2 млн, сотталмағаны туралы анықтама - 1,4 млн", - деді министр.
Енді осыған байланысты министрлік электронды үкімет порталындағы азаматтардың жеке деректері үшінші бір тұлғаға, яғни банктерге, ұйымдарға және тағы басқаларға қолжетімді болу үшін арнайы механизмді іске қоспақ.
Абаевтың сөзінше, негізгі шарт бойынша делдал қажет болған анықтаманы азаматтардың рұқсат еткені туралы SMS-хабарламасынан кейін ғана ала алады.
Айта кетейік, бұл Қазақстан азаматтарының жеке деректер қауіпсіздігінің сақталмауына әкеп соғуы мүмкін. Яғни алаяқтар қазақстандықтардың жеке деректеріне оңай қол жеткізіп, түрлі келеңсіз жағдайлар көбейері анық.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды