Өмірбек Бабанов «Республика - Ата-Жұрт» партиясының көшбасшысы қызметінен кетті.
«Республика – Ата-Жұрт» партиясының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Өмірбек Бабанов бұл шешімді өз еркімен қабылдаған. Ал Бабановтың өзі қызметтен кетуін «Республика» партиясы мен «Республика – Ата-Жұрт» фракциясының алдағы уақытта жұмыла жұмыс істеуіне мүмкіндік беру үшін кеткендігімен түсіндірген.
Естеріңізге салайық, қараша айының 4-і күні Қырғызстан бас прокуратурасы Өмірбек Бабановтың үстінен қылмыстық іс қозғаған болатын. Қазіргі таңда Бабанов Қырғызстан аумағында емес. Оның партиялас жақтастарының сөзінше, ол президент сайлауы аяқтала салысымен Ресейге емделуге кеткен.