Иранда жер сілкінісі салдарынан 129 адам көз жұмды – деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі.
7,3 баллдық жер сілкінісінің эпицентрі Ирак Күрдістанындағы Халабджи қаласынан 30 шақырым жерде болған. Жер сілкінісі Иран мен Ирактан бөлек, Түркия, Израиль, Кувейтте сезілген. Иран құтқару қызметінің басшысы Пир-Хуссейн Куливандтың сөзінше, ел аумағында жер асты дүмпуінен ең көп зардап шеккен қалалардың бірі Сарпол-э Захаб шаһары. Аталмыш қала жер сілкінісі болған аймақтан 15 шақырым жерде орналасқан.