Бейсенбі күні АҚШ-тың екі бірдей B-1B бомбалаушы ұшағы Корей түбегіне аттанды. АҚШ президенті Дональд Трамптың Азияға сапары кезінде Жапония және Оңтүстік Кореяның әуе күштері де сайып қыран әуе қосындарын Солтүстік Кореяға жақын кеңістікке жіберетін болып отыр. Бұл туралы “WSJ” басылымы хабарлап отыр.
АҚШ-тың Тынық мұхит әскери қолбасшылық штабының берген мәліметіне қарағанда, бұл тек туылуы мүмкін істерден сақтануға бағытталған, ағымдағы жағдаймен байланысты емес. Қазірдің өзінде АҚШ теңіз күштерінің үш бірдей алып авиаматкалары Азияның Солтүстік Шығысына келді. Бұл жағдай 10 жылдан бері алғаш рет болып отыр.
Әуе күштері аттанудан бұрын АҚШ-тың ресми ақпарат құралдары бұл туралы хабар таратты. Бұған Солтүстік Кореяның ресми басылымдары бүгін таңертең арнаулы пікір білдіріп, хабар таратты. Онда: «Оңтүстік Корея жеріндегі әскери жаттығулардың мақсаты, Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартуға итермелеу. АҚШ-тың бұл қадамы КХДР-ны қыспаққа алумен бірдей. Бұл олардың Корей түбегінде ядролық соғыстың тууын қалайтындықтарын көрсетеді», - делінген.
Солтүстік Корея алаңдағандай-ақ. Ұшақ тасымалдаушы үш кеме –USS Рональд Рейган, USS Теодор Рузвельт және USS Nimitz Корей түбегіндегі суларға жақын тұр. Бұлар тіпті тұтас АҚШ қарулы күштеріне өкіл бола алады деуге лайық. Оған қоса АҚШ әуе күштерінің айбыны саналатын B-1B бомбалаушы ұшағының да Корей түбегіне аттануы өңірдегі елдерді алаңдатпай қалмайды. Әскери қуатын көрсетіп, Азияның шығысына сапарлай келе жатқан Трамптың жолы болар ма екен? Алдағы уақытта Солтүстік Шығыс Азия тым қауіпті сынақ уақытын кешкелі тұр.