АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы президент Джон Ф. Кеннедидің өлтірілуімен байланысты 2800 құжатты жариялауды мақұлдады. Дегенмен ол ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әлі де көптеген құжаттардың құпия күйінде қалатынын айтты. Бұл туралы «Wshington Post» басылымы хабарлады.
Трамп меморандумда атқарушы департаменттер мен агенттіктерге президент Кеннедидің қастандыққа ұшырауына қатысты құжаттарды ашық жариялауға бұйырды. АҚШ тарихындағы танымал қастандық оқиғасының сыры ақыры әлемге паш етілді. Дегенмен, бұл құжаттар арасында ұлттық қауіпсіздікке қатысты деген бір бөлімі құпия күйінде қалды. Мәліметке қарағанда, бұл материалдар АҚШ Ұлттық мұрағат сайтына жарияланады.
АҚШ президенті Трамп өзінің өкілетті мерзімінде кейбір тарихи оқиғаларға байланысты құпия құжаттарды америкалықтарға ашып беретінін айтқан. АҚШ үкіметінің өкілдерінің бірі бұл құжаттардың белгілі деңгейде редакциядан өткенін айтты. Себебі, Орталық барлау басқармасы (Central Intelligence Agency) мен Федералды барлау басқармасы (Federal Bureau of Investigation) кейбір сезімтал тақырыптардан алаңдаушылық білдірген.
Алдағы уақытта Трамптың бұйрығына сәйкес екі бірдей барлау басқармасы келесі жылдың сәуір айына дейін құпия құжаттардың алғашқы бір бөлімін ашып көрсетеді. Содан кейінгі қадамда құпия құжаттардың санын барынша азайтуға әрекет жасағалы отыр.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр