Иран және Ирак әскерлері Күрдістан шекарасы маңында оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді – деп хабарлайды Радио Свобода ақпарат агенттігі.
Иран әскерлерінің сөзінше, Ирак Күрдістаны шекарасы маңында өткен оқу-жаттығу жұмыстарына қос тараптың артиллериялық, әскери әуе және бронитехникалық күштері қатысқан. Оқу-жаттығу жұмыстары Күрдістан шекарасынан 250 метр жерде өткен. Осыған байланысты Иран құрлық әскері басшысы Могаммад Пакпур журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Иран мен Ирактың жауы бір. Сол себепті өз шекараларына төніп тұрған қауіпті бірлесіп тойтару тиіс» - деген.
Қыркүйектің 25-сі күні Ирак Күрдістанында өткен референдумнан кейін Түркия, Иран, Ирак, Күрдістан шекарасы маңындағы әскерлерінің санын көбейтіп, жиі-жиі әскери оқу-жаттығу жұмыстарын өткізетін болаған. Тіпті Иран билігі Ирак Күрдістанында тәуелсіздік алуға байланысты өткен референдум күнінен бастап Күрдістанмен арадағы шекарасын жауып тастаған. Ал Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Ирактың территориялық тұтастығын қолдайтындығын айтып, «егерде Күрдістан дербес ел болатын болса, онда күрд халқы аш қалатын болады» - деп мәлімдеме жасаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?