Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Сөйлесу барысында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты қыркүйектің 14-15 күндері Астана қаласында өткен Сүрия келісімінің сәтті өтуімен құтықтап, Астана келісімі алдағы уақатта да өз маңыздылығын жоғалтпайтындығын айтқан. Екі ел басшылары алда келе жатқан Кедендік одақ кеңесі мен ТМД басшыларының кезекті отырысы жайында да сөз қозғаған.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин әлемдік және аймақтық мәселелерді шешуде бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласқан. Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жолғы телефон арқылы тілдесу Ресей тарапының өтініші бойынша болған.

“The Qazaq Times”