Өзбекстан Республикасы Мьянма мұсылмандарына гуманитарлық көмек жіберді.

Бүгін қыркүйектің 18-і күні Бангладеште орналасқан Қызыл жарты ай ұйымының штаб пәтерінде Өзбекстан ұсынған 8 мың отбасыға арналған гуманитарлық көмекті қабылдау алу іс шарасы өтетін болады. Оған Бангладештегі Өзбекстан елшісі Фарход Арзиев пен Қызыл жарты ай ұйымының төрағасы Хафиз Ахмед Маджумдер қатысады деп күтілуде.

Өзбекстан елі жіберген гуманитарлық көмекке 14 түрлі зат кіреді. Олардың ішінде қант, сүт, күріш сияқты тамақ өнімдері мен алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрімектер бар. Бұл гуманитарлық көмек Мьянмада ел билігі көрсеткен қысымнан кейін босқын атанған 8 мың мұсылман отбасыға (шамамен 50 мың адамға) арналған көлемі жағынан ең ауқымды гуманитарлық көмектердің бірі.

“The Qazaq Times”